Музыкально - литературный вечер «Жыр дүлдүлі» » Алматы қаласы Білім басқармасының Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272-18-43
Есепші:
+7(727) 272-24-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
желтоқсан
2021

Музыкально - литературный вечер «Жыр дүлдүлі»

15 желтоқсан күні гимназиямызда еліміздің Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында «ғасыр Гомері» атанған ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 «В» сыныбында «Жыр дүлдүлі» атты сазды әдеби кеш қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Шинибекова Ш.О.-ның басшылығымен өтті. Іс- шараға сынып оқушылары жан- жақты дайындықпен келгені бірден байқалды. Кешті Асанова Малика мен Утепов Алибек жүргізді. Жүргізушілер абыз ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнебаянның, экран арқылы көрсетіліп отырған тұсаукесердің көмегімен баяндап отырды. Сыныптың өнерпаз оқушысы Байжанов Мади Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындап, көрермендер көзайымы болды. Байбусинов Мұхаммед пен Берікқазынова Тоғжан Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан үзінді желісінде сахналық көріністі көрсетті. Ұлы ақынның өлмес өлеңдерін Асанов Алмаз, Асқар Айнаш, Бактыгожаев Айберген, Жұмағали Айсұлу сияқты дарынды оқушылар көрермен назарына ұсынды.
Іс- шара өте қызықты, жағымды атмоферада өтті.


15 декабря в нашей гимназии с участием учащихся 10 «В» класса накануне празднования Дня Независимости нашей страны прошел музыкально- литературный вечер «Жыр дүлдүлі» (Корифей поэзии), посвященный 175 летию выдающегося поэта названного «Гомером века» Жамбылу Жабаеву под руководством учителя казахского языка и литературы Шинибековой Ш.О. С начала мероприятия было заметно, что ребята подготовились очень серьезно к проведению вечера. Ведущими мероприятия были учащиеся класса Асанова Малика и Утепов Алибек. Весь вечер с экрана транслировались видеосюжеты и презентация специально подготовленная к мероприятию. Талантливый ученик класса Байжанов Мади сыграл кюй Кұрманғазы «Балбырауын», с чем привел в восторг зрителей. Байбусинов Мухаммед и Берікқазынова Тоғжан показали сценку, отрывок из исторического айтыса Жамбыла с талантливой поэтессой Айкүміс. Учащиеся класса Асанов Алмаз, Асқар Айнаш, Бактыгожаев Айберген, Жұмағали Айсұлу представили зрителям стихи выдающегося поэта.
Мероприятие прошло очень интересно и в позитивной атмосфере.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: