Литературно- познавательный вечер на тему: «Абай мұрасы- халық ұлағаты». » Алматы қаласы Білім басқармасының Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272-18-43
Есепші:
+7(727) 272-24-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Литературно- познавательный вечер на тему: «Абай мұрасы- халық ұлағаты».
23
қараша
2020

Литературно- познавательный вечер на тему: «Абай мұрасы- халық ұлағаты».

Қарашаның 23 күні онлайн форматта «Абай мұрасы- халық ұлағаты» атты әдеби- танымдық кеш өтті. 
     Іс- шараның басты мақсаты- қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы оқушылардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген  ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.
     Іс- шараға гимназиямыздың 3- 11 сынып оқушылары қатысты. Дарынды ұландар ұлы ақынның шығармаларын жатқа айтып, әндерін шырқап, бар өнерлерін көрсетті. Әдеби- кешті бірлестік меңгерушісі Шинибекова Ш. О. жүргізді. Әр өлеңнің мазмұнына сай экраннан презентация көрсетіліп, ақынның сырлы саздары беріліп тұрды.
     Шара барысында ақынның шығармашылық шыңының шынары саналатын аудармаларына тоқталып,  орыс  әдебиетінің көрнекті өкілдері А. С. Пушкин., М. Ю. Лермонтов., И. А. Крылов сияқты ақындармен Абай арасындағы  әдеби байланыстың жемістері туралы кеңінен айтылып өтті. Ақынның қазақ жеріне жер аударылған орыстың көзі ашық тұлғалары С. С. Гросс, Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополовпен достығы туралы жан- жақты бейнемәліметтер ұсынылып, шараның ажарын кіргізді.
     9 сынып оқушылары Аманиязова Арина «Желсіз түнде жарық ай» , Бабатаев Мәди «Айттым сәлем, қаламқас», 10 сынып оқушысы Горковец Диана «Көзімнің қарасы», 11 сынып оқушысы Қамбар Ажар «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», 5 сынып оқушысы Батырхан Алуа «Ғылым таппай мақтанба», 3 сынып оқушысы Дүйсекенов Ернар «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқып, 6 сынып оқушылары Тулебаева Радия, Ким Валерия «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре орындады. Сондай- ақ, 6 сынып оқушысы Черемисская Лиза флейтада ақын туындысын көпшілікке тарту етті.
     Іс- шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

     23 ноября был проведен литературно- познавательный вечер на тему: «Абай мұрасы- халық ұлағаты». 
     Целью мероприятия являются пропагандировать художественные свойства и богатый словарный запас казахского языка, а также популяризируя  литературное  наследие великого казахского поэта Абая Кунанбаева повысить мотивацию   учащихся изучить казахский язык, литературу, культуру, укрепить духовное единство народа.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: