Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы » Алматы қаласы Білім басқармасының Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272-18-43
Есепші:
+7(727) 272-24-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
қаңтар
2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы


      Ағымдағы жыл ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіп, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осы орайда М.Бегалин атындағы білім ордасында да хакім Абайға арнап "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында үшінші және төртінші сынып оқушылары қазақтың бас ақынының табиғат лирикасы және өнер-білім тақырыбында жазған өлеңдерін оқып, көрермендердің көзайымына айналды. 4А-сынып оқушысы Бауыржан Алтынай "Көзімнің қарасы" әнін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар біздің жас білімгерлер Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын да қабылдап, жоғары сынып оқушыларына табыстады. "Қазақ барда қазақтың Абайы да мәңгі қазақпен бірге жасай бермек" деген қорытындымен іс-шара жоғары деңгейде өтті. 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: