"Аналар, ән-жырым саған арналар", гран при жүлдегері Жаңбырбай З.Ө » Алматы қаласы Білім басқармасының Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мәжит Бегалин атындағы №120 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 272-18-43
Есепші:
+7(727) 272-24-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Аналар, ән-жырым саған арналар", гран при жүлдегері Жаңбырбай З.Ө
02
наурыз
2020

"Аналар, ән-жырым саған арналар", гран при жүлдегері Жаңбырбай З.Ө

                                                                  АНАЛАР, ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН АРНАЛАР
   Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі ардақты аналар мен қаракөз қыз-келіншектердің мейрамында Алматы қаласы Алмалы ауданындағы білім беру мекемелерінде қызмет етіп жүрген ер азаматтар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Аналар, ән-жырым саған арналар" атты ән мен жыр сайысында ұстаздық жолды ұстанған ер мұғалімдер белсенділік танытып, алда келе жатқан мереке қарсаңында абзал аналар мен ардақты апайлардың көңілін бір көтеріп тастады.
   Байқау екі түрлі номинация негізінде өтті. Бірі аналар тақырыбында ән сайысы болса, бірі аналарға арналған өлең жолдарымен жарысқа түсу болатын. Екінші номинация негізінде аналарға арнап қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергеновтың "Ана" атты өлеңін және өз шығармашылығынан "Үш әріптен тұратұғын ұлы есім" атты өлеңін оқып, әділқазылардың әділ бағалауы мен көрермен көзайымына айналған Мәжит Бегалин атындағы #120 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңбырбай Заманбек Өмірсерікұлы бас жүлдені иемденді.
   Биыл бірінші рет ұйымдастырып отырған айтулы іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: