15
сәуір
2026
ҚОСЫМША ТАБЫС ЕМЕС — ТӘУЕКЕЛ
Кейде «жеңіл табыс» туралы ұсыныстар тартымды болып көрінуі мүмкін. Бірақ олардың бәрі бірдей қауіпсіз емес.
Сізге «оңай» әрекеттерді ұсынуы мүмкін: телефон нөмірін тіркеу, келген кодты жолдау немесе WhatsApp-та аккаунт ашып, оған бөгде адамдарға қолжетімділік беру. Мұның бәрі үшін ақы төлейміз деп уәде беріп, «бәрі заңды» деп сендіруі мүмкін.
Алайда шын мәнінде мұндай әрекеттер алаяқтық схемаларда жиі қолданылады. Бөгде адамдар өз әрекеттерін жасыру және басқаларды алдау үшін сіздің жеке деректеріңіз бен аккаунттарыңызды пайдаланады.
Бұл бейтаныс адамдарға жеке «кілттеріңізді» бергенмен бірдей — кейін олардың қалай қолданылатынын бақылау мүмкін болмай қалады.
Маңыздысы: мұндай ұсыныстар қауіпсіз қосымша табыс емес, бұл — елеулі тәуекел. Осындай әрекеттерге қатысу заң бұзушылық болып саналады және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.