Жылдық жоспар аясында «1-сынып оқушыларының кітапханамен танысуы»
Жылдық жоспар аясында «1-сынып оқушыларының кітапханамен танысуы» атты іс-шара өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Тастанбекова К.А. дөңгелек үстел форматында әңгіме жүргізіп, бірінші сынып оқушыларын кітапханадағы тәртіп ережелерімен және кітаптарға қамқорлық жасау жолдарымен таныстырды. Мұндай кездесулер балаларға кішкентайынан кітапқа деген сүйіспеншілікті оятып, оқуға мәдениеттілікті және білімге құрметті тәрбиелейді.